28
декабрь
2024
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Әр бала бақытты, қауіпсіз балалық шаққа лайық. Қысқы каникул кезінде балалардың бос уақыттары көп болады. Далада ойнап, аққала соғып, шана мен шаңғы теуіп мәре-сәре болады. Алайда, бала қауіпсізігі басты назарда болу керектігін естен шығармай, үнемі бақылауда ұстау керектігін ескертеміз.
Балалардың қысқы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізуі үшін төмендегі ережелерді сақтауды ұсынамыз:
1. Мұз айдындары мен су қоймалары:
Мұздың қалыңдығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Балалардың мұз үстінде ойнауына немесе сырғанағына рұқсат етпеңіздер.
2. Жол қауіпсіздігі:
Қыс мезгілінде жолдар тайғақ болады. Балаларды жолда мұқият болуға үйретіп, көше ережелерін еске салу маңызды.
3. Отпен абай болу:
Пеш немесе электр құралдарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Балалардың үйде жалғыз қалмауын қадағалаңыз.
4. Шаңғы және шана тебу:
Балалар сырғанау кезінде арнайы қауіпсіз орындарды таңдағаны жөн. Жол бойында немесе қауіпті жерлерде шана тебуге жол бермеңіздер.
5. Интернет қауіпсіздігі:
Балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылап, олардың зиянды контентке ұшырамауын қадағалаңыз.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың денсаулығы мен өмірі – біздің басты жауапкершілігіміз. Қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олармен қауіпсіздік ережелерін талқылауға уақыт табуларыңызды өтінеміз.
Балаларымыздың қысқы демалыстары көңілді, қауіпсіз болып өтуіне тілектеспіз.
Ізгі ниетпен,
Мектеп директоры Жаухар Алимгаликызы
