25
июль
2023
Ата-аналар назарына! 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау!
Ата-аналар назарына! Оқу-ағарту министрлігі 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын хабарлаймыз. Өтініш беріп үлгермеген ата-аналар Egov.kz электронды үкімет порталы және E-zhetysu.kz электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы тапсыруға болады. Білім беру ұйымдары 6 жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балаларды 1 сыныпқа қабылдауды қамтамаыз етеді. Ол үшін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 063/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосуреті қажет. Жалпы бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып 1 тамызда аяқталады. Бүгінгі күнге дейін 20 бүлдіршін Е- zhetysu.kz электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы Н.Есеболатов атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданды.