“Н.Есеболатов орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” отдела образования Кербулакского района

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ


"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы 2023 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы "Жақсылық жаса!" ұранымен ұйымдастырылады.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың келмеуінің алдын алу.

Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.
