15
февраль
2023
«Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» атты аудандық жас мамандар байқауы
15 ақпан күні Ғали Орманов атындағы орта мектеп базасында «Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» атты аудандық жас мамандар байқауы өткізілді. Ақсу ауданы бойынша 27 мектептен жас мамандар келіп, өз жұмыстарымен таныстыруда. Байқау ережесі үш кезеңнен құралған. Бірінші кезең - эссе. Екінші кезең -өз жұмыс жүйесін таныстыру, және үшінші кезең 5-9 сынып оқушыларымен 45 минуттық толық сабақтар өткізу. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің жас маманы, тарих пәні мұғалімі Зейноллаев Абзал І-орын иегері атанып, Облысқа жолдама алды. Құттықтаймыз!