23
январь
2025
«Логикалық ойлауды үйрету»
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Н.Есеболатов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-4 сынып ата-аналарына «Логикалық ойлауды үйрету» тақырыбында ата-аналарды қолдау орталығының сабағы өтті.
Мақсаты: ата-аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата-аналардың баланың логикалық ойлауын дамытуға деген ұмтылысын дамыту;
2. ата-аналарды баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі аспектілерімен таныстыру;
3. ата-аналардың баланың логикалық ойлауын дамытудың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал ету.



