10
январь
2025
Тамақтану сапасына комиссиялар тарапынан мониторинг жұмысы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10-қаңтарда тамақтану сапасына комиссиялар тарапынан мониторинг жұмысы жүргізілді. Тамақтың ас мәзіріне сәйкес келуі, ондағы тағам түрлерінің өлшемінің дұрыстығына көз жеткізу, журналдардың уақытылы жүргізілуі, тоңазытқышта өнімнің сақталуы, мектеп асханасында тыйым салынған заттардың болмауы тексерілді.






