19
сентябрь
2024
Құрметті жас өрен!
Құрметті жас өрен! Сізге «ел болашағының кепілі», «ұлт жанашыры» деп үміт артып отырған еліңіз бар екендігін естен шығармаңыз!
• • Азаматтық қоғамды дінсіз елестету мүмкін емес. Қазақ қоғамының қай кезеңін алсаңыз да, діннің өз орны болғандығын көресіз. Тіпті, кеңестік дәуірдің өзінде дәстүрлі ислам және православиелік христиандық жасырын түрде болса да өз функциясын атқарған.
• Ал, бүгін Конституция әр азаматқа таңдау еркіндігін берген. Алайда, бұл мүмкіндікті пайдалынып, мемлекет іргетасын құлатуға тырысып жүрген теріс діни ағымдар бар. Өкінішке орай, олардың сөзіне алданып, соғыс ошағына барып қайтқан азаматтарымыз да көп. Жолы болғандары елге қайтарылып, түзету мекемелерінде жазасын өтеуде. Ал, басқаларының тағдыры белгісіз! Сіз, ата-анаңызға, еліңізге керексіз! Діни адасушылыққа жол бермеңіз,
болашағыңызға балта шаппаңыз!
•• Діни сауалдарыңызға жауапты мешіт
имамдарынан немесе Жетісу облысының дін істері
басқармасының теолог, дінтанушы мамандарынан
алыңыз.