28
октябрь
2024
"Қазақстан еліне саяхат"
2024 жылдың 24 қазан күні «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Қазақстан еліне саяхат" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары эссе жазды. Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, тарихы және көрікті жерлері туралы ақпарат беру және сол арқылы олардың танымдық көкжиегін кеңейту. Білім алушылар эссе арқылы Қазақстанның табиғи сұлулығы, әсем қалалары, тарихи ескерткіштері мен мәдени ерекшеліктері туралы ой бөлісті. Қорытындысы бойынша 9 сыныптан Сайлаубек Ақнұрдың, 10 сыныптан Есенбай Сезімнің, 11 сыныптан Архатқызы Кәусардың жұмыстары үздік деп танылды.