"Дені саудың жаны сау" » "Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Н.Есеболатов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2023

"Дені саудың жаны сау"

    23 ақпан күні 8 сынып оқушыларымен  "Дені саудың жаны сау" тақырыбында ата-ана сағаты өтті.Тәрбие сағатын 8 сынып ата- анасы, ауылдық ФАП-тың медбикесі Жуниспаева Гүлназ жүргізді. 
   Тәрбие сағатының мақсаты: Әр оқушы денсаулығының мықты, хал-ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден сақтану. Олардың денсаулыққа зиянды екенін түсіндіру, гигиена талаптарын сақтай білетін, салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға тәрбиелеу. Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтті. Оқушылар  мақал-мәтел кірістіре отырып денсаулыққа байланысты суреттің мағынасын ашу, денсаулық тақырыбында өлең, тақпақтар айту, шаш күтімі, тіс күтімі жайлы шығарма жазу, салауатты өмір салтына байланысты сұрақтарға жауап беру секілді тапсырмалар орындап, сабақ соңында " Не білдік? Не үйрендік? " деген сұрақтарға жауап беру арқылы рефлексия жасады.