Маман қабылдау конкурсы » "Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Н.Есеболатов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2023

Маман қабылдау конкурсы

Мектептің әлеуметтік желілеріне 2023 жылдың 4 қыркүйек күні жарияланған маман қабылдау конкурсына өтініштер түспеуіне байланысты қайтадан 2023 жылдың 27қыркүйек дейін өтініштер қабылданып 29 қыркүйек күні маман қабылдау конкурсы өтетіндігі туралы хабарлаймыз. 
1) Логопед- 1 штат( тұрақты)
2) Мектеп психологы-1штат( уақытша) 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда); 
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 27-і қыркүйекке дейін.
Конкурс өткізілетін күні: 2023 жылдың  29-ы қыркүйегінде.
Мекен жаы: Жетісу облысы Ақсу ауданы Есеболатов ауылы Жамбыл көшесі №40
Байланыс телефоны: 87283229335, 87013265850
Электронды почта: esebolat_mektep@mail.ru 
@aksu_bilim_bolimi20