02
сентябрь
2022
Педагогтарды қабылдау конкурстық комиссия отырысы
«Н.Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 2 қыркүйек күні мектепішілік бос және уақытша бос орындарға педагогтерді қабылдау мақсатында конкурстық комиссия отырысы өтті. 2022-2023 оқу жылына қажет мамандар химия пәнінің мұғалімі және шағын орталық тәрбиешісі. Педагогтарды қабылдау конкурстық комиссия отырысыда химия пәнінен бір үміткер қатысты. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша химия пәнінің мұғалімінің қызметіне химия пәнінің мұғалімі Жангазиева Жазира Успановна қабылданды. Білімі жоғары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2010 жылы бітірген, еңбек өтілі 3 жыл. Жинаған баллы:9 балл.