Облыс бойынша эксперименттік алаң » "Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Н.Есеболатов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Облыс бойынша эксперименттік алаң

Облыс бойынша  эксперименттік алаң мектептерінің қатарына ауданымыздан Е.Сиқымов   және Н Есеболатов атындағы орта мектептер енген болатын.  "Өрлеу"біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қолдауымен эксперименттік алаң жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде. Осы орайда наурыз айының 18 күні екі мектеп бірлесе отырып " Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалім құзыреттілігінің рөлі"тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинар-практикумын өткіздік. Е.Сиқымов атындағы орта мектебі оқу үдерісі бойынша жұмыс бағытын, Н.Есеболатов   атындағы орта мектебі тәрбие бағытындағы   жұмыстарды көрсетуді жөн көрдік. Бағдарламаға сәйкес мен  “Функционалдық сауаттылық-тұлға қалыптастырудың негізі"тақырыбында мектепте тәрбие жұмысы, әріптесім Р. Ибраимова "Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалім құзыреттілігінің рөлі "деген тақырыпта баяндама жасап, таныстырылым көрсеттік. Пән мұғалімдері А. Маукенова(Е.Сиқымов атындағы ом), Ж.Жамантаева (Н.Есеболатов атындағы ом)   үздік ашық сабақ көрсетсе, Ш.Бейсембаева(Е.Сиқымов атындағы ом) коучинг,  С.Арнаева,Д.Советбеков  (Н.Есеболатов ат.ом) оқушылармен дебат өткізді. Семинар жұмысын  экспериментті жүргізуге жауапты-үйлестіруші, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиева қорытындылады. Екі мектеп әр шараны   инстаграмм желісі және ZOOM платформасы арқылы кезектесе өткізіп, нәтижелі жұмыс жасадық. Бұндай шаралар мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігін арттыруда тиімді болып табылады. Семинарды үздік ұйымдастырып, облыс көлемінде іс-тәжірибені таратқаныз үшін алғыс хаттармен марапатталдық.