"Мектеп қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ" » "Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Н.Есеболатов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2021

"Мектеп қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ"

Алматы облысы, Ақсу ауданы, “Н.Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық инспекторы Серікова А.С мен ауылдың учаскелік инспекторы Навиев.Э және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Бабысов.С.С кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, суицидтік мінез-құлықты болдырмау және алдын алу шаралары бойынша 9-11 сынып оқушыларымен “Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!” тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырды. Конференцияның негзгі мақсаты: зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса педагог-психологтарға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.